16 жыл ішінде Түркия елімізге 4 миллиард доллардан астам инвестиция құйған. Осылайша Қазақстанның негізгі 5 сауда серіктесінің біріне айналды. Ал біз бауырлас елге 1 миллиард доллардан астам қаржы капиталын жұмсаған екенбіз. Осындай қолдаудың арқасында соңғы екі жылда 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға жасаған сапары түрік бизнесмендерімен кездесумен жалғасты. Басқосуда кәсіп иелерінің Қазақстандағы жобалары мен алдағы уақытта іске асырылатын бастамалары туралы сөз болды. Аталған іскер топтардың елімізге салынған инвестициялары химия, ауыл шаруашылығы, құрылыс салаларын қамтиды. Ал, мемлекет басшысы олардың елімізге салған инвестицияларына қолдау көрсетілетінін айтты.
️