Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтің ісі қайта сотқа келіп түсті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді. Алдын-ала тыңдау бүгін таңертең сағат онда онлайн форматта басталған. Еске сала кетсек, экс-министр Елжан Біртановқа ведомство басшысы болған кезде орынбасары Олжас Әбішевпен бірге жалған ақпараттандыру платформасын іске қосу арқылы қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр. Осылайша, айыптаушы тарап экс-шенеуніктерге мемлекетке 1,5 млрд теңге көлемінде шығын келтірді делінген. Біртанов 2020 жылдың қарашасынан бері үйқамақта отыр.
️