Алматыда толассыз жауған жаңбырдан бірқатар көше мен тұрғын үйлердің ауласын су басты. Тасқын салдарынан көшелерде көлік кептелісі болып, қозғалыс қиындаған. Қалалық құтқару қызметіне шаһардың кей аудандарында аулалар мен көпқабатты үйлердің жер төлелерін су басқаны жайлы хабар келіп түскен. Шаһарда дауылды ескерту жарияланып, әкімдік тарапынан тиісті шаралар қолға алынып, инерттік материалдар әзірленіп жатыр. Сондай-ақ арық жүйесін қалыпқа келтіру жұмыстары қолға алынуда. Синоптиктердің сөзінше мұндай ауа райы әлі бірнеше күнге созылады.
️