Қаржы мониторингінің мамандары жұмыс формасын спорттық киімге алмастырды. Экономиалық тергеп -тексеру департаменті 50-ден аса қызметкері марафонға шықты. Түркістан аренасынан бастап, денсаулық саябағына дейін 10 шақырымға жүгірді. Жарысқа қатыспағандар кезекшілік қызметте болыпты. Оқыс жағдайдың алдын алу үшін тәртіп сақшылары мен ақ халаттылар бой көрсетті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, игі шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
️