Түркістан
EN

Созақ ауданына 52 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды

1123
07.05.2022 11:42

Түркістан облысы Созақ ауданына 52 млрд. 845 млн. теңге инвестиция тартылды. Бұл туралы осы ауданның әкімі Мұхит Тұрысбеков мәлімдеді. Созақтықтардың бас қатыратын автомобил жолдарын жөндеу мәселесі оң жолға қойылған. Өткен жылдың қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнім көлемі 453 млрд теңгені құраған. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 135 млрд теңгеге көп. Жұмыссыздық мәселесін шешу үшін аудан аумағында былтыр 405 жаңа кәсіпкерлік субъектісі ашылған.

️