Конституцияның үштен бір бөлігі қайта жазылады. 33 бапқа 56 түзету енгізіледі. Бүгін Ата Заңдағы осы өзгерістер мен толықтырулар жобасы жарияланды. Бұл құжатта жер жəне оның қойнауы, су көздері басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі деп көрсетілген. Бұрын мемлекет меншігі саналса, енді мемлекет халық атынан реттеуші рөлге ғана ие. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасына тыйым салынады. Сосын жалпы сот төрағалары мен судьялар ешқандай саяси ұйымға мүше бола алмайды. Жалпы, Конституцияның негізі – Президенттің рөлін шектеп, Парламенттің құзыретін арттырып, халық үніне құлақ асатын Үкімет құру.
️