Соңғы үш жылдың ішінде Қазақстанда 21 адам ұлтаралық алауыздықты тудырғаны үшін сотталды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді. Құзырлы орган мұндай қылмысқа барғандар жазадан құтылмайтынын ескертті. Олар Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша жазаланады. Оған сәйкес 2-7 жылға, ал ауыр салдары болса, 12 ден 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сондай-ақ мұндай әрекеттер Қылмыстық кодекстің 3-бабы бойынша экстремистік қылмыстар қатарына жатады. Ал экстремистік қылмыстар үшін қатаң жаза қолданылатыны белгілі. Мәселен, 2021 жылы Алматы тұрғыны ұлтаралық араздықты туғызғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
️