Өңірдегі жекеменшік клиникалардың жұмысынан шикілік шықты

305
07.05.2022 06:23

Түркістан облысының жеке меншік клиникаларында азаматтарды медициналық тіркеуден шикілік шығып жатыр. Алматы мен Шымкенттің тұрғындары аталған өңірдің емханаларында өздерінің ойда жоқта тіркеліп кеткенін біліп, аң-таң. Жұрт бұған дейін өздері медициналық көмекке жүгінбеген, тіпті аттап аяқ баспаған клиникаларға қалайша тіркеліп кеткенін түсінбей дал. Сорақысы сол, қалалық емханаларда тіркеуде тұрған тұрғындарды ауылдық емханалар өз қарауына алған. Бұған көнбеген жұрт енді электронды кілт аштырып, өздерінің тұрғылықты жеріндегі емханаларға қайта тіркелуге мәжбүр.