Түркістан облысында «Қорғау-Қауіпті жүргізуші» мобильді қосымшасы іске қосылды. Жол ережесін өрескел бұзатын көлік жүргізушілерін жылдам анықтайтын арнайы бағдарлама ішкі істер министрлігінің тапсырмасымен әзірленген. Қосымшада облыста орнатылған бейнебақылау камералары мен Жедел басқару орталықтарының мүмкіндіктері біріктірілген. Бұл патрульдік полиция қызметкерлерінің қауіпті жүргізушінің жүрген жерін көріп, тәртіп бұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік береді. Олардың санатына:жалған нөмірмен жүретіндер; техникалық байқаудан өтпегендер; сақтандыру полисін алмағандар және жол ережесін жиі бұзғандар мен айыппұл төлемегендер, сондай-ақ 10 минут ішінде екі немесе одан да көп жол ережесін бұзғандар жатады.
️