Сарыағашта кәсіпкерлер тойхананы мектепке айналдырған

325
06.05.2022 05:05

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында кәсіпкерлер тойхананы мектепке айналдырған. Бұл үрдіс аймақта жаһанды пандемия жайлаған кезде бастау алыпты. Мәселен Сарыағаш ауданында кезінде той-жиынның ордасы болған мына ғимарат бүгінде «HighSchool» of Saryagash» зияткерлік мектебіне айналып, 430 оқушыны білім беріп отыр.  Орталыққа арнайы барып, ұстаздармен, оқушылармен жүздескен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев мектептің материалдық-техникалық базасымен танысып, балаларға жасалған жағдайға оң бағасын берді. Аймақ басшысының айтуынша елімізде салынып жатқан мектептердің басым бөлігі Түркістан облысында бой көтеруде. Бір жылдың ішінде 40-тан аса мектеп қолданысқа берілген. Ал аталған мектепте ағылшын тілін тереңдетіп оқытады. Тіпті шетелден арнайы мамандар шақырылған.