Қазақстанда кен байлықтарының қоры таяуда таусылады. Өйткені геологиялық барлауға салынатын мемлекеттік инвестиция тым төмен. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты. Министрдің айтуынша, елімізде бір шаршы шақырымға геологиялық барлауға салынатын мемлекеттік инвестиция төмен. Ол небәрі 11 доллар. Ал мәселен Австралияда – 167 доллар, Канадада – 203 доллар. Бірақ соған қарамастан пайдалы қазбалардың көптеген түрінің расталған қоры бойынша Қазақстан әлемнің жетекші елдерінің алғашқы ондығына кіреді.
️