Қазақстанда алкоголсыз сусындар мен шырындар 20 пайызға қымбаттаған. Бұған себеп - қант бағасының өсуі. ЭнерджиПРОМ сарапшыларының есебінше, наурыз айының өзінде шекер шарықтап, екі есеге, нақтырақ айтсақ, 33 процентке қымбаттаған. Ал қант-тәтті сусындарға қосылатын басты ингридиент. Ал қазір дүкендерде оның бір келісі 500-560 теңгеге жетті. Рафинаттың бір қорабы 1000 теңгеден сатылып жатыр. Есесіне елімізде кант өндірісі күрт төмендеп кеткен. Жыл басынан бері отандық зауыттар 51 тонна өнім шығарған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 процентке аз.
️