Түркістанда "Халықтар достығы - бірліктің берекелі бесігі" студенттік фестивалі өтті

516
05.05.2022 05:17

«Халықтар достығы – бірліктің берекелі бесігі». Осындай атаумен Түркістанда  халықаралық студенттік фестиваль өтті. Шараның өтуіне Халықаралық туризм және меймандостық университетінің ұйытқы болып отыр. Университет алаңында алты қанатты ақ үйлер тігіліп, тұран даласын мекен еткен ұлттар мен ұлыс өкілдерінің гастрономиялық фестивалі ұйымдастырылды. Көрмеге шеберлердің қолынан шыққан көздің жауын алатын бұйымдармен, қылқалам шеберлерінің суреттері қойылды. Одан бөлек, әр ұлттың өзіне тән тағамдарынан дәм татып көруге де болады. Шара соңы студенттердің концерттік бағдаралмасымен жалғасын тапты. Онда үздік нәтиже көрсеткен белсенділер марапатталды. Этносаралық ынтымақтастық пен бірлікті дәріптеуге және насихаттауға арналған шара дәстүрге айналмақ.