Илон Масктің интернеті Қазақстанға қашан келеді?

314
05.05.2022 05:15

2023 жылы «Илон Масктің интернеті» ауылдарға жетеді. Өйткені OneWeb, SpaceX және SES компаниялары Қазақстан нарығына спутник интернетін әкелуге мүмкіндік алады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.  Ведомство басшысы қазіргі уақытта қызметтің мұндай түрі үшін салық мөлшерлемесі өте жоғары болғандықтан, инфрақұрылымның салынбағанын мәлімдеді. «Сондықтан ең алдымен Салық Кодексіне тиісті өзгеріс енгізу қажет», - дейді ол. Сонымен қатар үш оператор норманың қабылдануы күтіп отырған көрінеді. Салық кодексіне тиісті өзгерісті енгізсек, келесі жылдан бастап бұл операторлар нарығымызға кіріп, Қазақстанның 4 нүктесінде инфрақұрылым орната бастайды.