Түркістан облысында жыл басынан бері жер қойнауын заңсыз пайдаланған 28 дерек анықталған. Мәселен, Сайрам ауданы бойынша 4 жер қойнауын пайдаланушы кәсіпкердің келісімшарттары мерзімінен бұрын тоқтатылған. Сондай-ақ келісімшарттық міндеттемелерін толық орындамағаны үшін 17 келісімшарт және 1 лицензияның күші мерзімінен бұрын тоқтатылды. Құқықбұзушылықтар негізінен Ақсу, Бадам, Арыс және Келес өзендерінің бойында тіркелуде. Сондықтан облыс әкімі карьерлерді заңсыз пайдаланып, табиғатқа шығын келтіргендерді қадағалау қажет деді. Сондай-ақ заңбұзушылықтар Кентау қаласы мен Сауран, Отырар аудандары аумағында да анықталған. Осының кесірінен халық тығыз орналасқан аумақтарда бұлақ көздері тартылып қалып жатыр. Сала мамандарының сөзінше, өткен жылы 40 кен орнына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, 27-сінен түрлі кемшіліктер анықталған. 26 бірлік техника мен жүк көліктері айып тұрағына жабылды.
️