Жамбыл облысында қызыл кітапқа енген өсімдікті жол жөндейтін компания заңсыз кескен. Оны Табиғатты қорғау полициясының инспекторлары Мойынқұм ауданы аумағында анықтаған. Облыстық маңызы бар жолға жөндеу жүргізген серіктестік ешкімнің рұқсатынсыз сексеуілдерді отаған. Яғни, жол жиегін тазалау кезінде, заң талаптарын бұзып, 5 текше метр қызыл кітапқа енген өсімдікті жойған. Қазіргі таңда аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалған. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі есептелуде. Еске сала кетейік елімізде мелекеттік орман қоры аймақтарында сексеуіл ағаштарын кесуге, 2023 жылдың соңына дейін тыйым салынған.
️