Қала ішіндегі автокөліктер тоқтатылып, айып тұрағына қойылды. Бұл «Борышкер» жедел-профилактикалық рейдтік іс-шарасы аясында өткізілді. Шараның негізгі мақсаты әкімшілік айыппұлдарды өндіру. Яғни ірі көлемде қарызы бар, көлік, мүлік салықтары мен алимент төлеуден жалтарып жүрген азаматтарды мәжбүрлі түрде айыптарын өтету. Жалпы статистикалық мәліметтерге сәйкес, соңғы 4 жылда берешегі бар 20 500 тұрғынан әкімшілік айыппұл өндірілмеген. Бұл 334 млн теңгені құрап отыр. Ал алимент бойынша 2356 іс мәжбүрлі түрде жүзеге асуда. Айта кетейік, аталған рейдтік шара 26 сәуір мен 10 мамыр аралығында өтеді.
️