Маңғыстауда жоғалған 2 балықшы 4 тәуліктен бері табылмай жатыр. Олар 30 сәуір күні Каспий теңізіне балық аулауға шыққан. 1994 жылы туған Қазақстан азаматы мен 1983 жылы дүниеге келген Өзбекстан Республикасының азаматына қатысты іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы құтқару жұмысына департаменттен 2 техника мен 2 қайық, 9 адам және 8 тікұшақ жұмылдырылды. Сондай ақ, Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімі мен еріктілер тобы да бар. Осы ретте, құтқарушылар дауылға қатысты ескертпе түскен кезде теңізге шығуға және шомылуға тыйым салады. Айта кетейік, осыған дейін Павлодар облысы Ертіс өзенінде де дәл осындай жағдай болған. Кейінірек балықшылар аман есен үйлері оралды.
️