Жекеменшік клиникалар мен спорт кешендерінің жұмысына қоғамдық кеңес мүшелерінің көңілі толмайды. Бұл туралы Түркістанда білім және денсаулық мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес отырысында айтылды. Кеңес мүшелері денсаулық саласының дамуына бірден бір кедергі келтіріп отырған осы жеке клиникалар мен медициналық оқу орындары. Оларға тексеру жүргізу керектігін айтты. Алайда, тиісті сала мамандарының оған құзыреттілігі жетпейді. Себебі кәсіпкерлерді тексеруге мораторий жарияланған болатын.
️