BI Group компаниясының басы дауға қалды. Мәжілісте оларға қатысты бірқатар мәселелердің беті ашылды. Депутат Жамбыл Ахметбеков бүгінгі депутаттық сауалында, «бұл компания іс жүзінде құрылыс емес, маркетинг тобы» деп таңқалдырды. Бұған дәлел ретінде алыпсатарлықпен үстінен табыс көріп, басқа мердігерлерге сатып отырғанын алға тартты. Ең сорақасы, Ескі ғимараттың құрылыс жабдықтарын кәдеге жаратқан. Нәтижесінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі тексеріс жүргізді. Депутат бұдан бөлек те алпауыт құрылыс компаниясына қатысты түбегейлі тексеріс жүргізуді сұрап отыр.
️