"Ақ жол" партиясының өкілдері орыс тіліне қатысты дауға нүкте қойды

479
05.05.2022 04:47

Конституциядан орыс тілін алып тастау керек пе? «Ақ жол» партиясының өкілдері тілге қатысты дауға  нүкте қойды. Естеріңізде болса, осыдан тура бір апта бұрын  Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Конституцияның 7-ші бабын өзгертіп, мемлекеттік тілдің статусын айқындау туралы депутаттық сауал жолдаған болатын. Осыдан кейін ел арасында түрлі қауесет жаңбырдан кейінгі саңырау құлақтай қаптап кетті. Тіпті, кейбір ақпарат құралдары «Депутаттар орыс тілінің Конституциядағы мәртебесін өзгертуді қолдады» деген ақапарат тарады. Онда Қазыбек Исаның депутаттық сауалына Мәжілістегі 107 депутаттың 38-і қолдапты-мыс. Оның ішінде  Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Берік Әбдіғалиұлының, Ерлан Сайыров пен Айдос Сарымның жоқтығы айтылды.Бүгін қоғамда дау туғызған мәселеге байланысты Азат Перуашев пен Қазыбек Иса журналистерге жауап берді.