Орал қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Нақтырақ айтсақ, Максим Яковченко деген азамат әлеуметтік желіде Орал, Петропавл мен Павлодарды Ресейге беру қажет деп пікір білдірген. Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің ресми өкілі бұл жазба қоғамда қызу талқыланып жатқанын мәлімдеді. Ұлтаралық араздықты туғызуға себепкер болған тұрғынға қатысты қылмыстық кодекстің 174-бабына сәйкес іс қозғалды. Погондылар барлық желі қолданушыларына мұндай арандатушылыққа ермеуге шақырады. Еске салсақ, бұған дейін блогерлер Данат Намазбай мен Марғұлан Боранбай Ресей туралы жазбалары үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылған еді.
️