Түркістан облысындағы Кентау қаласында Көктөбе демалыс аймағы пайдалануға берілді. Ашылу рәсіміне қатысқан қала әкімі Рашид Аюпов қала тұрғындарын қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады. Айта кетейік, демалыс аймағында 25 метр биіктікте еліміздің көк байрағы орналасқан. Сонымен қатар қауіпсіздікті сақтау мақсатында бейнекамералар орналастырылған. Көктөбе қала көшелерімен есептегенде 540 метр биіктікте орналасқан. Сондай-ақ қала әкімдігі тарапынан демалыс аймаққа кәсіпкерлік нысандарды салуға инвесторлар тарту жоспарланған.
️