Отыз мың қазақстандық әскерге барудан қашып жүр

606
04.05.2022 04:54

Елімізде 30 мың адам әскерге барудан қашып жүр. Медициналық тексеруден өтпей қалатындар да аз емес. Қорғаныс министрлігі осындай ақпарат тартатты. Жыл сайын елімізде 200 мыңнан аса азамат әскерге шақырылса да, төрттен бірі ғана сарбаз атанады. Себебі әскердегі орын да шектеулі. Мысалы, биыл мерзімді әскери қызметке 34 мың адам ғана алынады. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, жастарға әскерге шақырту SMS хабарлама түрінде де жіберіледі.