Қаңтар оқиғасына қатысты 288 қылмыстық іс сотқа жолданды

275
04.05.2022 04:31

Қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру және оған қатысу бойынша 721 адам күдікті деп танылды. Оның 281-і қамауға алынды. Өңірлер бойынша тоқталсақ, Алматы қаласында 82, Шығыс Қазақстан облысында 35, ал Жамбыл өңірінде 44 адам күдікке ілікті. Сондай ақ, қақтығыс кезінде Лексус көлігімен қару таратқан 3 күдікті ұсталды. Олар «Көктөбе» телемұнарасын басып алмақ болған. Күдіктілер стратегиялық нысан арқылы телемұнараға бақылау орнатып, халықты көшеге шығуға үгіттемек болған.