Ірі трансұлттық синтетиканы жеткізу арнасы жойылды. Полицейлер жалпы құны 9,5 млн доллар болатын 260 келі дайын есірткі тәркілеген. Қылмыскерлер Ресейдің Омбы қаласында есірткі дайындап, пошта жөнелтілімдері арқылы Орталық Азия елдеріне, оның ішінде Қазақстанға жіберіп отырған. Күдіктілердің тұрғылықты жерлері бойынша тінту барысында ірі есірткі зертханаларын тапқан. Олар жасанды құжаттарды пайдаланып, сәлемдемелерді түрлі тауарлар – машина майы, тұрмыстық химия түрінде жасырып отырған. Мамандар жалпы Алматы, Алтай, Ақтөбе, Атырау, Тараз және Қызылорда қалаларында синтетикалық есірткі өндірумен және таратумен айналысқан 13 отандасымызды ұстады. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
️