Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халық арасында дүрбелең тудырған "кибербуллинг туралы" заң жобасына қол қойды. Еске салсақ, Парламент Сенаты бюросының мүшелері 14 сәуірде осы заң жобасын қарап, өзгертулер мен түзетулер енгізіп, мәжіліске қайтарған болатын. Жоғары палата депутаттары құжатқа қатысты қоғам белсенділері айтқан түрлі ұсыныстарды ескере отырып, заң жобасының бірқатар баптарын қайта қарауды ұсынды. Осылайша Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі өз қалауы бойынша интернет-ресурстардың, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің жұмысын шектеуге немесе тоқтатуға мүмкіндігі болмайды деген өзгеріс енгізілді. Енді ведомства тек балаға қатысты кибербуллинг деп танылған ақпаратты ғана жоюға ғана құқығы болады.
️