Түркістан облысында төрт баланың анасы қаза тапты. Оны күйеуі ұрып өлтірген. Қайғылы оқиға Ордабасы ауданы Темірлан елдімекенінде болған. Полицейлердің айтуынша, оған отбасылық кикілжің себеп болыпты. Күдікті қылмысын мойындаған. Полиция бұған дейін оның профилактикалық есепте тұрмағанын мәлімдеді. Осы күнге дейін көршілерден немесе туыстарынан жанжал туралы ешқандай шағымдар түспеген дейді. Қазір күдіктіге қатысты қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлімі "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тәркіленген заттай деректер сараптамаға жолданды. Әкімдік өкілдері мен полиция бөлімінің басшылығы марқұмның туыстарымен жолығып, түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Ерлі-зайыптының ата-аналары кәмелет жасына толмаған төрт баланы өз қамқорлығына алатындарын жеткізді.
️