Шығыс Қазақстанда темір қалыпқа қысылып қалған бала құтқарылды

188
04.05.2022 03:58

Төрт жасар бүлдіршін темір қалыпқа кіріп, қысылып қалды. Оқыс оқиға Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында болған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, балалар жер үйде жалғыз болған. Бүлдіршінді әпкесі құтқармақ болғанымен, одан еш нәтиже шықпаған соң, 112-ге қоңырау шалып көмек сұрайды. Құтқару қызметінің мамандары арнайы құрал арқылы ыдысты кесіп, баланы алып шықты. Денсаулығына еш зақым келген жоқ. Тек шошып қалғаны байқалады. Еске салсақ, екі күн бұрын осыған ұқсас жағдай Түркістан облысында болған еді. Кентау қаласы Хантағы ауылында кәмелетке толмаған бала 500 милиметрлік суару каналына құлап кеткен. Құтқару қызметіне, 3 құтқарушы мен 1 техника жұмылдырылды. Қазіргі таңда баланың  жағдайы орташа, дәрігерлердің бақылауында.