Жалған құжат жасатып, мектепте сабақ беріп жүргендер жаза күтіп тұр. Олар оңай жолмен құтылып кете қоймасы анық. жалған құжаттарды рәсімдегендер 2000 айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл төлеп,қоғамдық жұмыстарға тартылады. Сонымен қатар 2 жылға дейінгі мерзімге сотталуы да мүмкін. Ал жалған құжатты пайдаланғандарға да жаза бар. 160 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады. 20 күн қоғамдық жұмыстарға тартылады. Билік өкілдері «осы уақытқа дейін қанша мұғалімнің жалған дипломмен сабақ беріп жүргенін ашыпайтпады. Бұл мәселе құқық қорғау органдарының құзырында екендігін атап өткен.
️