142 мыңға жуық қазақстандық баспана алуға ниетті. Яғни, осынша адам 7-20-25 бағдарламасы арқылы өтінім берген. Бұл жайында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі мәлім етті. Жалпы баспана алуға ниетті өңірлер көшін Нұр-Сұлтан қаласы бастап тұр. Онда 15 мыңға жуық адам үй кезегінде тұр. Ал Алматы қаласында 9116 адам баспана кезегінде. Өңірлер тізбегін 2872 өтініммен Шымкент қаласы түйіндейді.
️