Маңғыстау облысы Баянды ауылында қоқыс полигоны өртеніп жатыр. Елді-мекен Ақтау қаласынан 18 шақырым жерде орналасқан. Алдын ала мәлімет бойынша, тілсіз жау шамамен 300 шаршы метр аумақты шарпыған. Жергілікті әкімдік өртті ауыздықтауға 20 арнайы техника жұмылдырылғанын хабарлады. Тұрғындар аймақта қоқыс полигондары жиі өртенетінін айтады. Шамамен екі апта бұрын Ақтауда ыс иісі сезіліп, Қазгидромет ауадағы күкіртсутек мөлшері шамадан асып кеткенін хабарлаған. Айта кетсек, былтыр қоқыс полигондарындағы өртті құтқару қызметі бірнеше күн бойы өшіре алмаған. Мұнайлы ауданының әкімі Ержан Күмісқалидің айтуынша қазір Баянды қоқыс үйіндісіндегі негізгі өрт сөндірілді.
️