Даңқты балуан Қажымұхан Мұнайтпасовтың кешенінің құрылысы қашан аяқталары белгісіз. Өйткені оған қаржы қолбайлау болып отыр. Бұл туралы Ордабасы ауданының әкімі Бағлан Батыршаев мәлімдеді. Оның айтуынша, балуанның 150 жылдығына арналған туристік орталық 3 үлкен ғимараттан тұрады. Кешенде күрес залы, мұражай кітапханасы мен қонақ үй болмақ. Жобаның іргетесін мердігер компания қалған. Одан кейінгі жұмыстарды жүргізуге жергілікті биліктегілердің қауқары жоқ. Ол үшін Ұлттық экономика министрлігіне хат жолдап, жауап күтіп отырмыз дейді аудан әкімі. Жалпы Ордабасы ауданына негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі жыл қорытындысымен 23 млрд. 156 млн. теңгеге жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырған әлде қайда көп. Ал, биыл көрсеткіш 32,5 млрд.теңгеге жеткізу межеленуде. Ауданға 12 жаңа жоба жоспарланып, 602 жаңа жұмыс орны ашылу жоспарлануда.
️