Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасына 100 миллиард теңге бөлінеді

442
03.05.2022 04:31

Жуырда жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасын іске қосылады. Қазір «Жасыл Даму» кәсіпорны қаражатты беруге байланысты жұмысты пысықтап жатыр. Автонесиеге 100 млрд теңге бөлінеді. Жеңілдікпен көлік алу үшін талап мынадай: Жеңіл автокөлікті қаржыландыру сомасы 10 млн теңге. Автокөлік алушыға екі жылда несие тек бір-ақ рет беріледі. Қаржыландыру мерзімі 7 жыл Бастапқы жарна 0-% дан басталады. Көліктің құны 15 млн теңгеден аспауы қажет. Бұл бағдарламаға бұрын өтініш бергендер де қатыса алады. Ол үшін электронды кезек ұйымдастырылады.