Алматы әуежайында 12 адамның өмірін қиған ұшақ апатының себебі анықталды. 2019 жылдың желтоқсан айының соңында жолаушылар мінген Bek Air ұшағы апатына әуе кемесі қанатының мұздануы себеп болған. Мұндай қорытындыны оқиғаны зерттеген комиссия шығарды. Сондай-ақ комиссия Алматы әуежайында мұздануға қарсы өңдеу сапасын бақылау жүйесі болмағандығын айтты. Экипаж ұшақты, әсіресе ұшу алдында оның қанаттарын тексермеген болуы мүмкін. Айта кетсек, 2019 жылы 27 желтоқсанда Bek Air жолаушылар ұшағы Алматыдан ұшып шыққаннан кейін бірден құлады. Ұшақ бетон қоршауға құлап, 12 адам қаза болған еді. Экипаж командирі оқиға орнында көз жұмса, ауруханадан шыққаннан кейін екінші ұшқыш көз жұмды. Ұшақ бортында сол кезде 93 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі болған.
️