Талдықорғанда оқушымен жанжалдасқан мұғалім қызметінен кетті

502
03.05.2022 04:25

Талдықорған қаласында оқушымен жанжалдасқан мұғалім жұмыстан шығып кетті. Бұған дейін әлеуметтік желіде қаладағы мектептердің бірінде мұғалім мен оқушының төбелесуге дейін барған видеосы тарап кеткен еді. Нақтырақ айтсақ, жанжал №6 орта мектепте ағылшын тілі мұғалімі мен 8-сынып оқушысы арасында болған. Алматы облысы білім басқармасы желіде қызу талқыға түскен видеоға қатысты пікір білдірді. Ведомствоның мәліметінше, оқытушы шәкіртіне киім үлгісіне байланысты сын айтқан. Яғни, оның сыртқы келбеті ұстазына ұнамаған. Сондықтан мұғалім ашуға булығып, оқушыға дөрекілік танытқан. Осылайша оқушы қыз да ұстазына дөрекі сөздермен жауап қайтарған.