Облыс халқы 100 миллионнан астам қаражатын пирамидаларға салған

471
03.05.2022 04:22

Түркістан облысының халқы өткен жылы 100 милионнан астам ақшасын  қаржы пирамидаларына салған. Экономикалық тергеп тексеру департаментінің 2021 жылғы талдауының нәтижесінде 300 ден астам адам заңсыз қаржылық ұйымдарға салымшы ретінде тіркелген. Ал екі қаржы пирамидасының жолы кесіліпті. Ол ұйымдар жұртты салымыңыз 7 күн ішінде екі еселеніп қайтады деп сендірген. Осылайша 24 млн теңгені қалтасына басып кеткен. Бүгінде оларға сотқа дейінгі тергеп-текссеру жұмыстар жүруде. Сондай-ақ Шардара су электр станциясы жанында заңсыз майнингпен айналысқан күдіктілер де ұсталды. Олардан 3 мыңға жуық майнинг жабдығы тәркіленді.