Шымкентте ұрлық көбейді. Үйді тонаушылар үшін қасиетті Рамазан айы қолайлы болған сыңды. Ауыз ашар уақытын пайдаланған олар, бірнеше үйдің мүлкін қолды қылған. Бұл жолы Нұршуақ шағын ауданының тұрғындары шақыртылған ауыз ашарға баруға да қорқып қалдық дейді. Шағымданушылардың сөзінше қасиетті Рамазан айы басталғалы 18 үй тоналған.
️