Жертөледен шыққан жағымсыз иіс тұрғындарды мезі етті

482
03.05.2022 04:14

Түркістан қаласының тұрғындары жертөлеге нәжіс суы жиналып, терең тыныс алудан қалғандарын айтады. Мүңкіген иіске шыдау мүмкін еместігін айтқан тұрғындар, арнамызға келіп шағымданды. Олардың айтуынша үй астына су жиналып бір апта бойы тазаланбай тұрған көрінеді. Содан пәтер иелері өздері қаржы жинап, жертөлені тазалатқан. Алайда қолқаны қапқан иіс әлі кетпей жұрттың берекесін қашырып отыр.