Қазақстанда барлық өзге ұлтқа өз тілін үйренуге толық жағдай жасалған

515
03.05.2022 04:00

Қазақстанда әр ұлттың өз тілін үйренуіне барлық жағдай жасалған. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті Максим Рожин айтты. Айтуынша «Қазақстанда орыс тіліне қысым көрсетіліп жатыр» деген пікір ақылға қонымсыз. Ол өз сөзінде «Мен шетелдік саясаткерлердің Қазақстанда орыс тіліне және өзге де тілдерге қатысты үрей бар деген уәждерін наразылықпен қабылдаймын. Тегі орыс қазақстандық ретінде ондай репликаларға жол жоқ деп есептеймін. Бұл еліміздегі шынайы көріністі бұрмалап көрсету екеніне сенімдімін»,- деді. Сондай-ақ, ол халықтың мемлекеттік тілге бет бұрғанын, осы тенденциядан мемлекеттік қызметшілер де қалыспауы керектігін атап өтті.