Тараздық азамат енесінің үйін тонады деген күдікпен қамалды

230
29.04.2022 06:17

Таразда күйеу баласы қайын енесінің үйін тонады деген күдікке ілінді. Жергілікті полицияға 66 жастағы әйел белгісіз ер адам үйіне заңсыз кіріп, күш қолданғаны жайлы арызданған. Тіпті қорқытып, миллион теңге қаржылай ақша мен  бағалы заттарын алып кеткен. Жәбірленуші бұл сомманы қажылық сапарына сақтап жүрген екен. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, полиция қызметкерлері екі күдіктіні анықтап, ұстады. Олар Тараз қаласының 47 және 51 жастағы тұрғындары болып шықты. Сонымен қатар, күдіктілердің бірі жәбірленушінің күйеу баласы екені анықталып отыр. Қазір олардың үстінен тонау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.