Жамбыл облысында жұмысшылар 20 қап алтын рудасымен ұсталды

197
29.04.2022 06:14

Жамбылда алты азамат 20 қап алтынмен ұсталды. Олар Мойынқұм ауданындағы шахтада тау жыныстарын заңсыз өндірумен айналысқан. Бір топ ер адам 21 сәуір күні, «Ақбақай» ауылы маңындағы шахтаға жүк көлігімен келіп, құрамында алтыны бар кенді қазған. Тергеуде анықталғандай ұсталғандардың бесеуі Жамбыл облысының, біреуі Алматы өңірінің тұрғыны болып шықты. Күдіктілерден генератор, темір кескіш және балға түріндегі заттай айғақтар тәркіленді. Қазіргі таңда осы іске қатысты сот-химиялық сараптамасы тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды.