Қайрат Құдайбергенге тергеу изоляторында қысым көрсеткен

283
29.04.2022 06:06

Кәсіпкер Қайрат Құдайбергенге тергеу изоляторында қысым көрсетілген. Бұл жайында оның қорғаушысы Мұрат Амитов мәлімдеді. Қайрат Құдайбергеннің қорғаушылары тиісті құзырлы органдарға шағым түсіретінін жеткізді. Бүгінде оған қатысты тергеу шаралары Алматы прокуратурасында қылмыстық – процесуалдық заңнама аясында жүріп жатыр.Ондағылар аталған дерек жіті тексеріліп, құқықтық баға берілетінін  айтты. Еске салсақ, Қайрат Құдайберген 22 сәуірде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған еді. Белгілі кәсіпкерге Алматыдағы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген күдікпен Қылмыстық Кодекстің  272 бабының 1 және 2 бөлігіне сәйкес айып тағылды.