Елордада тұрғын үйдің алтыншы қабатына кран құлады

215
29.04.2022 06:02

Елордада құрылыс алаңында мұнаралы кран құлап, көпқабатты тұрғын үйді басып қалды. Алып кран үйлердің терезелерін қиратып, пәтердің ішіне кіріп кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер жоқ. Ғимараттың жанында бизнес-орталықтың құрылысы жүріп жатқан. Оқиға орнына өнеркәсіптік қауіпсіздік өкілдері барған. Тексеру нәтижесінде жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелерін бұзу фактілері анықталды.