Атырау қаласының тұрғыны брондалған әскери көлікті сатпақ болды

253
28.04.2022 05:16

Атырау тұрғыны әскери брондалған көлікті сатпақ болған. Полиция қызметкерлеріне 35 жастағы ер адамның барлау-патрульдік көлігін заңсыз сатылымға шығарғаны туралы ақпарат түскен. Жедел-іздестіру барысында аталған әскери көлікті тәркіленген. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 386-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Еске салайық, өткен жылдың соңында Ақтөбе облысының тұрғыны да құжатсыз броне транспортер сатпақ болған еді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, ер адам 2000- жылдар шамасында брондалған көлікті сатып алған. Кейін жарамсыз күйге түскен соң оны саудалауға шешім қабылдаған болып шықты.