Қазақстан - еңбексүйгіш елдер тізімінде 93-орында

362
27.04.2022 05:43

Еліміз еңбексүйгіш халыққа жатпайды. Себебі жұмыс уақытының ұзақтығы бойынша 156 елдің ішінде 93-ші орынға жайғасты. Сарапшылардың дерегінше, әрбір қазақстандықтың бір аптадағы орташа жұмыс уақыты 38 сағатқа тең. Рейтинг көшін 52,6 пайызбен Біріккен Араб Әмірлігі бастап тұр. Одан  кейін 49,8 пайызбен Гамбия мемлекеті. Үштікті 48,6 үлеспен Конго түйіндейді. Ал Тәжікстан Республикасы 50-ші орынға тұрақтады. Көрші Ресей мемлекеті 102 -ші орынға жайғасты. Жалпы ең аз жұмыс істейтін елдер қатарының көшін 28,5 үлеспен Либерия еншісінде.