Қазақстандықтар енді ауылшаруашылығы жерлерін 49 жылға дейін жалға ала алады. Мәжілісі жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжатқа сәйкес 49 жыл өткеннен кейін жалға беру мерзімін тағы ұзартуға рұқсат беріледі. Мал жайылымына да жер телімдері бөлінбек. Ол үшін әр шаруаның иелігіндегі мал саны есептеледі. Естеріңізге саласам, бұған дейін 2026 жылға дейін ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға мараторий қойылған еді.
️