Түлкібаста 7 ауылдың сусыз қалуына не себеп?

291
27.04.2022 05:25

Түркістан облысында әкімдік ағын суды жекеге сатып жіберіп, кесірінен 7 ауыл сусыз қалды. «Егін мен малға бір тамшы су таба алмай отырмыз» деген түлкібастықтар бұлақты жекеменшікке сатып жіберген. Түлкібастағы 7 ауылдың бұл тұрғындары 3 жылдан бері не егінін, не малын суара алмай жүр. Себебі 200 жылдық Жиынбай арығын әкімдік жекеге сатып жіберіп, қазір оның тек шаңы шығып жатыр. Ал, 10 мыңға жуық халқы ағын суға зар боп отырған аудан басшылығы болса, қол қусырып жүрген біз жоқ деп ақталып шықты. Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары сөзіне сенсек, бұл жақтағылар егінге тек мамыр айында кіріседі. Алайда жиналған жұрт «билік өкілі дәл мұндай уәдені былтыр да берген» деп ашық айтты.