Қарттардың зейнетақысын қалтасына басқан басшы ұсталды

333
26.04.2022 04:27

Қарағанды облысында қаржы жымқырды деген күдікпен қарттар үйінің меңгерушісі ұсталды. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, ол әлеуметтік қызметкермен келісіп, қариялардың зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын қалталарына басқан. Ал әлеуметтік нысанда 90 адам қамқорлыққа алынған екен, оның 30-ы мүгедек, 60-ы зейнеткер. Күдіктілер қанша уақыттан бері құйтырқы жолмен пайда тауып келгені және шығын көлемі әзірге айтылмады. Оларға қатысты қылмыстық кодекстің 190-бабымен қылмыстық іс қозғалып, қарттар үйінің меңгерушісі мен әлеуметтік қызметкер уақытша ұстау изоляторына қамалды.