Қайрат Құдайберген бір айға қамауға алынды. Бұл туралы Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының баспасөз қызметі мәлімдеді. Күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін 30 тәулікке қамауда болу бұлтартпау шарасы санкцияланды. Еске сала кетейік, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергеннің ұсталғаны туралы ақпарат бірнеше күн бұрын пайда болған еді. Көп ұзамай Алматы прокуратурасы аталған мәліметті растады. Кәсіпкер қаңтар айында жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырып, оған қатысты деген күдікке ілініп отыр.
️